QYZYLORDA TV
QYZYLORDA TV

Баспана салу мәселесі талқыланды

Бүгін Үкіметте су тасқынына қарсы іс-шаралардың орындалу барысы мен өңірлерде тұрғын үй құрылысын дамыту және проблемалық жобаларды аяқтау мәселесі қаралды. Үкімет отырысынан кейінгі арнайы мәжілісте облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар тапсырма берді. Қазір Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына қызылордалық құтқарушылар жұмылдырылған. Мәжілісте Қызылорда қаласына Атырау облысынан келген 100-ден астам адамға көмек көрсету, оларды жайлы орынмен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, жауапты басқарма басшыларына «Телікөлге» жиналған суды тиімді пайдалануды ұйымдастыру тапсырылды. Үкіметте қозғалған екінші мәселе тұрғын үй құрылысын дамыту және проблемалық жобаларды аяқтау туралы болды. Нұрлыбек Машбекұлы қала және аудан әкімдеріне сатып алынуы жоспарланған тұрғын үйлердің жерін рәсімдеуді, инженерлік инфрақұрылыммен қамтуды және оларды сатып алу конкурстарын ұйымдастыруды бүгіннен бастау керектігін ескертті. Құрылыс жұмыстарының мерзімінде әрі сапалы жүргізілуі қатаң бақылауға алынуы тиіс. Үкімет қаулысында Еуропалық даму банкінің 300 млрд. теңге нарықтық қаражатын тартып, «Отбасы банкі» арқылы жаңа ипотекалық бағдарламаны 2024 жылдың мамырында іске қосу тапсырылған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Partager

Moyen Orient Explorez plus