Dernières vidéos

QYZYLORDA TV
10 heures depuis

Жиырма бесінші сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді. Бүгінде облыстан тіркелген үш кандидат мәслихат депутаттарымен кездесті. Кандидаттар қатарында Наурызбай Байқадамов, Алмасбек Есмаханов және Абайбек Жүнісов бар. Кездесу барысында Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сайлау заңнамасына сәйкес, Сенат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде сайланады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
10 heures depuis

Сыр жұртшылығы сындарлы сәтте жапа шеккен жандарға көмек қолын созудан аянып қалып жатқан жоқ. Жақында Батыс Қазақстан облысына 106 техника жөнелтіліп, бірнеше мәрте гуманитарлық көмек көрсетілді. Ал күні кеше су тасқынынан зардап шеккен оралдық 103 оқушы Арал ауданындағы «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығына жеткізілді. Батыс Қазақстан облысынан келген жеткіншектерді Арал аудандық білім бөлімінің мамандары кеше түнде Қазалыдағы теміржол бекетінен күтіп алды. Енді оралдық оқушылар 10 күн «Қамбаш» балаларды сауықтыру орталығында тұрақтайды. Мекемеде балаларға барлық қажетті жағдай жасалып, оқу процесі дәстүрлі форматта жүргізіледі. Сондай-ақ, олардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі спорттық, мәдени-сауықтыру шаралары ұйымдастырылмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
10 heures depuis

Президент әуелі әуеден қарады. Қызылжарға қызыл су төніп тұр. Сол себепті де, мемлекет басшысы аймаққа арнайы келген. Негізгі мақсат – сақтық шараларын ширатып, жергілікті халыққа демеу болу. Аймақтағы алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Президентке Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов атқарылып жатқан жұмыстың ауқымын баяндады. Ал, «ҚазСуШар» мекемесінің өкілі Сергеевка су қоймасы туралы мәлімет берді. Президент сақтық шараларын бір шолып өткесін, эвакуацияланған тұрғындармен кездесті. Мемлекет тарапынан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілетінін айтты. Қазіргі уақытта бірреттік жәрдем берілуде. Комиссия мүлік шығындарын есептегеннен кейін өтемақы төленеді. Тұрғын үйі жарамсыз азаматтарға жаңа баспана салынатынын жеткізді. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қазір бәріміз өте күрделі кезеңді бастан кешіп жатырмыз. Бұл – жалпыұлттық апат. Дегенмен, бір жағынан алып қарасақ, оң өзгерістер де анық байқалады. Судың беті қайтып келеді. Жақын арадағы 10 күнде өте қауіпті болады деп ойлаймын. Бірақ біз еліміз бойынша апат салдарын жою шараларын қабылдап жатырмыз. Бұған дейін айтқанымдай, Үкімет зардап шеккен азаматтардың барлығына қолдау көрсетеді. Біз су тасқыны салдарынан болған барлық шығынды өтейміз. Әрбір азамат, әрбір отбасы мемлекеттің қамқорлығында болады. Бұл – мен үшін басты міндет».// Қазіргі қиын кезде президент өте маңызды шешімді айтты. Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ //Аударма: «Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады».// Су тасқыны – табиғи апат. Бірақ, алдын алу шараларында олқылық жоқ емес. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органға су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек екенін айтты. Тасқын қажетті мамандардың тапшы екенін көрсетті. Сондықтан, гидротехник кадрларды даярлау туралы шұғыл шешім қабылданды. Ал, президентпен кездескен тұрғындар қазіргі жағдайларын баяндады. Қатер бар жерде құтқарушы жүреді. Түрлі табиғи апаттарға қарсы күресіп, әр азаматтың өміріне араша түсетін де солар. Бұл жолы да сол құтқарушыларға артылған жүктің салмағы ауыр. Құтқарушылар мен әскерилер тасқынға тосқын болар жалпы ұзындығы 15 шақырымнан асатын бөгет салған. Оларға көмек беріп жатқан тағы бір топ бар – волонтерлер. Президент тұтас бір жылды волонтер жылы деп жариялағаны есіңізде болар. Сол бастама, сол үндеу жемісін беріп жатса керек. Су тасқынына қарсы іс-шараларға екі жарым мың ерікті белсенді қатысып жатыр. Аймаққа 300 тонна гуманитарлық көмек келді әлі де жалғасып жатыр. Бірақ, демеудің қуатталар тұсы – алда. Қарғын судың бетін қайтарғасын, зардап шеккен тұрғындарға барынша қолдау көрсетіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа дейін жақсы нәтижеге жетіп, оң өзгерістер болатынын айтты. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде өңір тұрғындарының жоғары деңгейде ұйымшылдық пен сабырлық танытқанын атап өтіп, табиғат апатымен күресіп жүрген барлық азаматқа алғысын білдірді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
10 heures depuis

Аймақ тарихында айтулы күн! Бүгін облыс орталығында 650 орындық музыкалық колледждің іргетасы қаланды. Сондай-ақ, Баймұрат батыр ауылында дәрігерлік амбулатория ел үшін есік ашты. Бүгінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінде 350-ден аса студент білім алып жатыр. Ыңғайластырылған типтегі нысан әбден ескірген. Жатақхана мен оқу корпусы бір ғимаратта орналасқан. Ал өңірде өнерге құштар жастардың қатары қалың. Сондықтан Сырдың сол жағалауында жаңа музыкалық колледж бой көтермек. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ // Жаңа нысан алдағы уақытта білім мен мәдениеттің ордасына айналып, шығармашыл жастардың өнерін шыңдауға жан-жақты мүмкіндік жасайтын болады. осындай қолдауларды сезінген ұстаздар қауымы мен сала қызметкерлері ата-бабадан қалған төл өнерімізді шәкірттердің бойына сіңіру жолындағы мәртебелі міндеттерін сеніммен жалғастырады деп сенеміз.// Оқу ордасы «Саутс Ойл» компаниясының есебінен салынады. Жобаның жалпы құны – 4 млрд 800 млн теңге. Үш қабатты ғимартта жастардың сапалы білім алуына толықтай жағдай жасалмақ. МҮСІЛІМ ӘМЗЕ – ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ЖОҒАРЫ МУЗЫКА КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ / Жаңа ғимарат салынып жатыр. 650 орындық. Одан бөлек, 300 орындық жатақхана салынып жатыр. Барлығы бір аумақтың ішінде. Құдай қаласа, алдағы уақытта сапалы, қаланың көркін келтіретін ғимарат болады деп ойлаймын. Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
10 heures depuis

Қалаға қарасты Баймұрат батыр ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Медициналық нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Аймақта медициналық қызметке қолжетімділік артып келеді. Былтыр елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Өңіріміздің бюджеті 650 млрд теңгеден асты. Соның 134 млрд теңгесі денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталды. Биылғы жылы дәрігерлік амбулаторияның 11-і салынып, жыл соңына дейін ел игілігіне берілетін болады. Баймұрат ауылының тұрғындары бас ауырып, балтыры сыздаса қалаға қатынайтын. Бұл мәселе ауыл халқын көптен бері алаңдатып келген еді. Бүгін мемлекеттік қолдаудың аясында әлеуметтік нысан ел үшін есік ашты. Жалпы, жаңа нысан кең және қажетті медициналық қондырғылармен толық жабдықталған. Сондай-ақ, ауысымына 25 келушіге арналған күндізгі стационар қарастырылған. АЛМАТ ҚҰРМАНҒАЛИ – №4 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ //Дәрігерлік амбулатория 2 мың адамға қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда мынадай ғимараттың ішінде осындай жағдай жасалғаннан кейін осы жерде емін алады. Толық жағдай бар. Халық денсаулығын нығайту бағытында өңірде ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Оған жан-жақты қолдау бар. Мәселен, мемлекеттік бюджеттен бөлек, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры аймақтың денсаулық сақтау саласына соңғы 2 жылда 2 млрд теңге бағыттаған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
15 heures depuis

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
15 heures depuis

Сайт - http://kyzylordatv.kz/ru/online Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

QYZYLORDA TV
15 heures depuis

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
15 heures depuis

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
15 heures depuis

Сайт - http://kyzylordatv.kz/ru/online Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

QYZYLORDA TV
1 journée depuis

Сайт - http://kyzylordatv.kz/ru/online Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

QYZYLORDA TV
1 journée depuis

Сайт - http://kyzylordatv.kz/ru/online Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

QYZYLORDA TV
1 journée depuis

Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізуге талпынып жүрген ғалымдар марапатталды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Ғылым қызметкерлері» күніне орай салтанатты шара өтті. Елімізде соңғы жылдары ғылым саласына айрықша көңіл бөлініп келеді. Мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар беріліп, түрлі бағыттағы инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, философия докторы Жарқынбек Әбікенов Қазақстанның рухани мәдениеті қалыптасуындағы құндылықтарды зерттеу үстінде. ЖАРҚЫНБЕК ӘБІКЕНОВ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ // Оңтүстік өңірдегі азаматтардың мәдени хал-ахуалын ғылыми тұрғыда сараптап, ұсыныстар айту. Жоба екінші жылға аяқ басты. Өзінің тиісті бекітілген жұмыс жоспары бойынша зерттеу жұмыстарын жүрігізіп жатырмыз. Оның ішінде мақала мен монография жариялау, әлеуметтік сауалнамалар жүргізу секілді тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.// Университет ғалымдарының суды үнемдеу, күріш қалдықтарын кәдеге жарату сынды жобалары да қолдау тапқан. Салтанатты шарада ғалымдарға құрмет көрсетіліп, басқарма төрағасы-ректордың алғыс хаты табысталды. МАЙНҰР БӨРІБАЕВА – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ // 3 ғалымымыз Ұлттық ғылыми кеңес құрамына кіреді. Былтыр тағы 3 ғалымымыз ғылым комитеті ҚР-ның ғылыми степендиясының иегері атанған болатын. Университет тарапынан да 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарды қолдауға тырысамыз. Соңғы 3 жылда жалпы соммасы 30 млн қаржылай көмек көрсетіп жатырмыз.// Мұндай қолдау жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жаңа жобалардың жүзеге асуына сеп болмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
1 journée depuis

Байқоңырда велоспорттан жасөспірімдер арасындағы көпкүндік республикалық чемпионат мәресіне жетті. Велошабандоздар сайысына еліміздің әр өңірінен 150-ден астам спортшы қатысты. Байқоңыр велошабандоздар Көпкүндік жарыс жолының ұзындығы 80 шақырымды құрады. Жұлдызды қалашықтан бастау алған веложарыс космодром аумағына дейін ұласты. Жарысқа қатысушылар тіпті ұшыру алаңдарын тамашалады. ЕЛЕНА ВЛАДИМИРОВНА - ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ “Мен ең бірінші алғысымды осы жарысты ұйымдастырушыларға айтқым келеді. Бұл жарыс Байқоңыр жерінде алғаш рет өткзіліп тұр. Бұл өте жауапты іс. Жарыс өте жақсы өтті. Қауіпсіздік шаралары да өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл әсіресе велоспортта маңызды”. ҚАЙРАТ НҰРТАЙ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙҚОҢЫР КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ “бүкіл облыстан қатысушылар келіп, қала ішінде және ғарыш айлақтың осы зымырандар ұшып жатқан аймақтардан да жарысты ұйымдастыру мүмкіндігі болды. Қатысушылар осы Байқоңыр қаласындағы күндерін жақсы әсермен өткізді деп ойлаймын. Мына спортшыларға, төрешілерге алғыс білдіреміз”. Сонымен бес күндік жарыс қорытындысы бойынша жасөспірім ұлдар арасында бас жүлдені Солтүстік Қазақстаннан келген спортшы Мансұр Бейсенбай жеңіп алды. Қызылордалық спортшы екінші орынға табан тіресе, жарыстың қола жүлдесін жамбылдық спортшы иемденді. МАНСҰР БЕЙСЕНБАЙ - ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ “Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Себебі барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Менің жасым 18-де. Велоспортпен айналысып жатқаныма 8 жыл болды. Жарыс оңай болмады әрине. Барлық қарсыластарымыз мықты болды”. ЕГІЗБАЙ ЕРДӘУЛЕТ - ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ “Осы жарысқа бұрыннан дайындалып келе жатыр едім. Қызылорда қаласында дайындалып бастадым. Осы жарыстың арқасында бізге Европаға отбор болды”. Ал қыздар арасында Жамбыл облысынан келген Ангелина Буренькова алтыннан алқа тақты. Алматылық Мария Елькина екінші орынға жайғасса, Жетісудан келген Гүлназ Құрменбетқызы қола жүлдені місе тұтты. Айта кету керек, жарыс жеңімпаздары Испанияда қыркүйекте өтетін турнирде бақ сынайтын болады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
1 journée depuis

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 journées depuis

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 journées depuis

В рамках недели «Киелі мекен» республиканской экоакции «Таза Қазақстан» проводится очистка и благоустройство территорий памятников истории и культуры. В акции принимает активное участие и центр «Анаға тағзым». Коллектив центра совместно с ансамблем бабушек «Мирас», молодежным дебатным центром провели субботник на территории памятника Жалантосу бахадуру. Были также организованы состязания по национальным видам спорта. А кулинарная студия «Береке» угостила участников акции горячими баурсаками и айраном. Феруза Онталап – художественный руководитель центра «АНАҒА ТАҒЗЫМ» // В центре реализуется проект «Даму лайв» для школьников и студентов. В рамках проекта в целях формирования у ребят экокультуры вместе вышли на субботник./ Аружан Кахарман – студентка //Активно вместе с сотрудниками центра работаем на субботнике. Мы поддерживаем экоакцию чистоты и призываем и всех последовать нашему примеру./ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 journées depuis

Қағытпа қалжыңмен қалың көпшіліктің ықыласына иеленген «Сыр әзілі» әзіл-сықақ отауы қайта оралды. Араға уақыт салып, көрерменен қауышқан өнер ұжымы астарлы әзіл айтып, қыран-топан күлкіге қарық қылды. Сатирада «Сыр әзілі» әзіл-сықақ отауының айрықша орны бар. Якуда Халықұлов, Бақтияр Есенов, Серік Төлеповтер негізін қалаған өнер ұжымы сонау 1994 жылдан бері ел алдында. Бірнеше рет республикалық байқауларда топ жарып, аймақ мерейін асырғаны да есімізде. Араға біршама үзіліс салып, «Сыр әзілінің» құрамы жастармен толықты. ДАНИЯР САБЫРОВ – «СЫР ӘЗІЛІ» ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ОТАУЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ //Концерттер беріп жатырмыз. Бәрі бірден болып кетпейді. Құдай қаласа, жақсы бір дәрежеге жетеміз деген ойдамыз. Күнделікті күйбең тірлікті сатира арқылы суреттеген әзіл-шыны аралас интермедиялар еріксіз езу тартқызады. Өнерге сусаған сырбойылық талғампаз көрерменнің күтетін осы. Сатира – өмір айнасы. Оны жазуда терең толғаныс қажет. Сондықтан өнер ұжымы шығармашылық ізденіс үстінде. Алдағы уақытта көрерменді жаңа концерттік бағдарламамен қуатпақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 journées depuis

Ақын Оңталап Базаралиевтің "параллель" әлемі Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 journées depuis

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus