Suivant

1-ШІ СӘУІРДЕН БАСТАП 1-ШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

28/03/24
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл 1-сыныпқа қабылдау 1-сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Ата-аналар баланың құжаттарын электронды үкімет - egov.kz веб порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа Атырау облысы бойынша 15 мыңнан астам бала барады деп күтілуде. Былтырғы оқу жылынан биылғы оқу жылындағы 1-сыныпқа қабылдаудың басты айырмашылығы - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөнінде 2024 жылдың 23 ақпанында қабылданған заңға сәйкес лицейлер мен гимназияларға 1-сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тиым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар дайындық деңгейіне қарамастан тең мүмкіндікке ие бола алады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1-сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant