Tiếp theo

300-ден аса тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған

20/02/24
QYZYLORDA TV
Trong Châu Á

Өткен жылы облыстық тексеру комиссиясының қадағалуымен 157 мекеме тексерілген. Орын алған заң бұзушылықтар бойынша мыңнан аса материал сот және өзге де уәкілетті органдарға жолданып, 300-ден аса тұлғаға 32,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған. Мәселенің мән жайы «Бюджет қаражатын басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру» тақырыбындағы облыстық семинар кеңесте талқыланды. Семинарда қаржылық бақылау органдарының, экономика және қаржы саласының өкілдері бас қосып, баяндама жасады. Кеңесті ұйымдастырудағы басты мақсат – мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және қаржылық тәртіпті нығайту. БАУЫРЖАН ПЫШАНОВ - ОБЛЫС БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ //Тексеру комиссиясы 2023 жылдың жоспарына сәйкес 21 аудиторлық іс шарасын жүргізді. 21 іс шараның аясында 192,1 млрд теңге бюджет қаржысын тексерумен қамтыды. Аудит нәтижелері бойынша 37,7 млрд теңге жалпы бұзушылықтар анықталды. Агнықталған бұзушылықтардың 4,8 млрд теңгесі қаржылық бұзушылықтар, 8,1 млрд теңгесі тиімсіз пайдалану, 24,8 млрд теңгесі тиімміз жоспарлаудан құралды. Қаржылық бұзушылықтардың дені айлық жалақылардың артық төленуінен, іссапар қаражатының дұрыс ұйымдастырылмауы және нормативтік заңның дұрыс сақталмауынан орын алған. Тексеру комиссиясының жүйелі жұмыстары нәтижесінде заң бұзушылықтар білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы, спорт және өзге де салаларда болған. //Кейбір жағдайларда мүліктер заңды тұлғалардың теңгерімінде тұрғанымен құжаттары жоғалып, мемлекеттік тіркеуден өткізілмей тұрады// АРНҰР НҰРМАҒАМБЕТОВ – ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //Негізінен айтатын болсақ бюджетті жоспарлау, атқару мәселесі, мемлекеттік мүлікті басқарудағы өзекті мәселелер, тапсырыс берушілер мен бірыңғай ұйымдастырушының өткізетін мемлекеттік сатып алудағы өзекті мәселелер, сонымен қатар мемлекеттік мәселелер мен бюджеттік сала мекемелерінің қаржылық операциялар жүргізу, кассалық қызмет көрсетудегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Аталмыш шара бюджетті жоспарлауға септігін тигізеді деп есептеймін// Қаржы саласындағы қателіктер жиі орын алмау үшін мұндай шаралардың маңызы зор. ЕРДІЛДӘ НҰРТАЗАҰЛЫ - ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Жиынға денсуалық сақтау басқармасына қарасты қаржы жөніндегі мамандарын, басшыларын қатыстырдық. Үлкен мағлұмат алдық. Бұл жиынның кеңестің бізге берері көп деп есептейміз. Өйткені бұл қаржылық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарға бізге көп әсерін береді. Өйткені өздеріңіз білесіздер қаржылық тәртіп сақтау бағытындағы нормативтік құқықтық актілерге үнемі жетілдіру бағытында өзгерістер енгізіліп отырады. Көптеген жағдайда қаржылық бұзушылықтар білместіктен де орын алып отырады.// Семинар кеңесте бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық есептілікті жасауда жол берген бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақтылы өткізу мәселелері талқыланып, мемлекеттік мекемелердегі кадр тапшылығы және шешу жолдары айтылды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Cho xem nhiều hơn

 0 Bình luận sort   Sắp xếp theo


Tiếp theo