7 бағыттағы жолдар жабылды

27/12/23
QOSTANAI TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қостанай облысында ақтүтек боран басталды. Бірқатар республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар жабылып, коммуналшылар мен құтқарушылар, полицейлер күшейтілген кестеге көшірілді. Боранның салдарынан бүгін облыс орталығында бірден 10 автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Қалада бағдаршамдар істен шығып, полицейлер көлік қозғалысын қолмен реттеуге мәжбүр болды. Аудандарда ұйтқып соққан жел электр сымдарын үзіп, 165 ауыл жарықсыз қалды. Елді мекендердің біріндегі станцияда болған апатты жағдайды қалпына келтіру үшін жолға шыққан электриктер бригадасының көлігі аударылып қалған. Ал, Тобыл қаласында күшті жел 4 қабатты тұрғын үйдің шатырын жұлып әкетті. Жақын маңда тұрған бірнеше көлік зақымданды. Күре жолдардың бойында 11255 адамды қабылдай алатын 257 жылыту бекеттері жұмыс істеп тұр. Қар тазалау жұмыстарына 611 техника жұмылдырылды. Алдағы тәуліктерде де жекелеген аудандарда боран болатыны ескертілді. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін естен шығармай, алыс жолға шықпауға кеңес береді күш құрылымдары. Сайт www.qostanaitv.kz Facebook - www.facebook.com/qostanaitv/ Twitter - https://twitter.com/qostanay_tv VK - https://vk.com/qostanaitv Instagram - https://www.instagram.com/qostanaitv/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par