Suivant

77 қаржылық бұзушылық анықталды

02/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Былтыр облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 108 аудиторлық іс-шара жүргізіп, соның 77-сінде қаржылық бұзушылықты анықтаған. Департамент тарапынан қаржылық бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы 95 нұсқама жолданған. Нәтижесінде білім, құрылыс, денсаулық сақтау және тағы басқа сала басшылары жауапкершілікке тартылыпты. Атап айтқанда, 272 лауазымды тұлға және 18 заңды тұлғаға қатысты 532 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 60 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. ЕРБОЛ КҮЗЕМБАЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ //Құқық қорғау органдарына жолданған материалдар. Сонымен қатар, жүргізілген аудиторлық іс-шараларға сәйкес құқық қорғау органдарына жолданған материалдарға тоқтап өтетін болсақ. Тексеру нәтижелеріне сәйкес, бюджет қаражатын ұрлау, бюджет қаражатын артық аудару, аудит объектілерінде нақтысында жұмыс жасамайтын тұлғалардың есеп шоттарына ақша қаражаттарын аудару фактілері бар 12 аудит материалдары құқықтық баға беру үшін Қызылорда облысының прокуратурасына жолданды.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant