Suivant

"Ауыл аманаты": Биыл 575 жоба іске асады

17/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 575 жоба іске асырылады. Соның нәтижесінде 600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен 4 млрд 600 миллион теңге қаралған. «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін былтыр өңірге 3 млрд. теңге қаржы бөлініп, негізгі 5 бағыт бойынша 406 жоба қаржыландырылды. Биылғы жоспар бойынша қазір комиссия жұмысы басталып, негізгі оператор ретінде «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бекітілді. Сондай-ақ облыс бойынша 154 жобалық топ құрылып, 146 елді мекенде скрининг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде несие қаржысын 4 бағыт бойынша беру көзделіп отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant