Suivant

Алғашқы дән себілді

25/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгін Сыр диқандары дән себу жұмыстарын бастады. Нағи Ілиясов ауылындағы «Дала күні» семинарына Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен облыс әкімі арнайы қатысып, агросаладағы өзекті мәселелерді талқылады. «Мемлекетаралық Су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының» кезекті отырысында вегетация кезеңінде Шардара су қоймасынан облысқа 3,5 млрд. текше метр су жіберуге келісім жасалынды. Белгіленген су лимитіне сәйкес егіс көлемі қайта қаралып, 187 мың 500 гектарға ауыл шаруашылық дақылдары орналастырылатын болды. Оның ішінде күріш 78 мың 300 гектарға егіледі. Яғни, былтырға қарағанда Сыр салысы 10 мың 800 гектарға аз егілмек. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ Биыл егілетін күріш осы көлемнен аспауы керек. Бұл жөнінде өңірдегі барлық ауылшаруашылық мамандарына тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мемлекет басшысы егін егу науқанын мерзімінде әрі сапалы ұйымдастыруды тапсырды.... Мамандардың айтуынша, биыл өңірде жоғары репродукциялы күріш тұқымының жеті сорты егіледі. Арнайы дайындалған күріш тұқымының 2,4 пайызын отандық, 97,6 пайызын Ресейлік және Украина сорттары құрайды. Шаруашылық құрылымдары қажетті тұқымдармен толық қамтамасыз етілген. ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын жаңарту бағытында Туркиядан алдырылған күріштің 2 сорттарын Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында сынақтан өткіземіз... Егіске қажетті техника, жанар-жағармай, тыңайтқыш қоры да жеткілікті. Ендігі міндет, дән себу жұмыстарын уақытылы аяқтап, алқапты суға бастыру. «РУХАНИЯТ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ Бүгін сондай-ақ Тереңөзек кентінде облыс бойынша алғаш болып «Руханият» орталығының іргетасы қаланды. Енді музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер, аналар және жастар орталықтары бір ғимаратқа шоғырланады. Ең бастысы, орталықтағы кітапхана тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Шарада сөз алған облыс әкімі: «Бұл нысан алдыңғы буын аға-апалардың өмір жолын ұлықтап, жас ұрпақты адал еңбекке, ізгілікке үндейтін нағыз руханият ордасы болсын»,- деген тілегін жеткізді. Дәл осындай «Руханият» орталығы барлық ауданда бой көтереді. Жалпы, Сыр өңірінде «Руханият жылы» аясында мұнан басқа да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, облыс орталығында мың орындық «Өнер орталығы» ашылса, 650 орындық музыкалық колледж ғимаратының құрылысы басталды. Мұнан бөлек, балалар мен жасөспірімдерді шығармашылыққа баулитын «Шығармашылық академиясы», екі ауданда Оқушылар үйі мен Өнер мектебі салынып жатыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant