Bir sonraki

Анаға тағзым - ұрпақ парызы

05/03/24
QYZYLORDA TV
İçinde Asya

Облыс орталығында Көктемнің шуақты мерекесі Халықаралық әйелдер күніне орай «Анаға тағзым» республикалық форумы өтті. Жиынға еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, түрлі салада еселі еңбек етіп жүрген іскер әйелдер мен алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетті. Сұлулық пен ізгіліктің, мейірім мен махаббаттың символы саналатын нәзік жандар қоғамның қай саласында болмасын белсенді. Олар отбасы құндылығын сақтап қана қоймай ұлттың ұйытқысы, халықтың үні ретінде саяси реформаларды жүзеге асыруға, өңірдің дамуына атсалысып жүр. Мәселен, аймақта мемлекеттік қызметшілердің саны 3233 болса, оның 46,2 пайызы әйелдер. Білім, денсаулық, кәсіпкерлік саласында да қыз-келіншектердің үлесі басым. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ Өткен жылы өңірімізге іс сапармен келген Мемлекет басшысы жаңадан ашылған «Анаға тағзым» орталығында болып, мұндай орталық жастарға тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқаратынын айтып, жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, өзге өңір аналарының басын қосатын тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру қажеттігін тапсырды... Форумға қатысқан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның атқарған жұмыстарына тоқталды. Бала тәрбиесімен қатар елдік істердің басында жүрген қыз-келіншектерге құрмет қашанда жоғары екенін атап өтті. Бүгінде облыс халқының 49,8 пайызын қыз-келіншектер құраса, олардың 17 мыңға жуығы «Алтын» және «Күміс» алқа иегері. Форум барысында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына және демографиялық ахуалдың жақсаруына өз үлесін қосып жүрген нәзік жандар Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатымен марапатталды. БЕКСҰЛУ СИНАЕВА – АЛТЫН АЛҚА ИЕГЕРІ Жастайымнан еңбекке араластым. Жаз болса күріш ектім, қыста сауын саудым. Сол еңбегім еленіп, 2 рет жоғары Советінің депутаты болдым 10-11 сайланған. Бүгін осындай үлкен құрмет көрсетіп жатыр. Бәріне үлкен рақмет Форумға Қымбат Досжан, Дана Нұржігіт, Елена Әбдіхалықова, Елмұра Жаңабергенова, Жеңіс Ысқақова сияқты Сырдан шыққан талантты тумалар қатысып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары бағасын берді. / Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Daha fazla göster

 0 Yorumlar sort   Göre sırala


Bir sonraki