БАЗАРДАҒЫ БАҒА ШАРЫҚТАМАСЫН ДЕСЕК...

03/05/24
QYZYLORDA TV
Trong Châu Á

Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде азық-түлік тауарларының қоры мен бағасын реттеу мәселесі қаралды. «Аймақта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 98,8 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен 1,5 пайызға төмен қалыптасты. Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтерге баға деңгейі республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, оны тұрақты ұстап тұруға міндеттіміз», - деді облыс әкімі. Премьер-министрлер кабинетінің отырысынан кейін облыс әкімі облыстағы баға саясаты бойынша жиналыс өткізді. Азық-түліктің бағасы қайткенде қолжетімді болады? Әлбетте, ол өзімізде өндірілсе. Былтыр 5 мыңнан астам жерлесіміз жергілікті әкімдіктер ұсынған жер теліміне көкөніс егіп, әжептәуір өнім жинады. Биыл да сол үрдіс үзілмей, қайта ауқымы ұлғая түсуі тиіс, тұрғындар өздерінен артылған өнімін сатам десе, «Байқоңыр» ӘКК сатып алуға әзір, бау-бақшаға су апару, басқа да мәселелер бойынша көмек болады, - деді облыс әкімі «Байқоңыр» ӘКК демекші, қазір бұл корпорация картоп-жуаны базар бағамынан өте төмен бағамен сатып жатыр. Дейтұрғанмен, көпшілік әлі оны біле білмейді, сондықтан халықты құлақтандыру шарасын күшейту қажет деді аймақ басшысы Барлық деңгейдегі әкімдер кабинетте отырып, дайын дерек пен есепке сене бермей, базар бағамын өз көздерімен көргені, халықпен бірге сауда орындарын аралап тұрғаны дұрыс, - деді Н.Нәлібаев. Ал, бағаны негізсіз өсіріп, халықты шырылдатқан бірнеше саудагер әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Мәжіліс қорытындысымен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарда 19 әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарының үздіксіз сатылуын қамтамасыз ету, делдалдық тізбекті қысқарту бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Cho xem nhiều hơn

 0 Bình luận sort   Sắp xếp theo