Suivant

БАЙҚОҢЫРДА ВЕЛОСПОРТТАН ЧЕМПИОНАТ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

17/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Байқоңырда велоспорттан жасөспірімдер арасындағы көпкүндік республикалық чемпионат мәресіне жетті. Велошабандоздар сайысына еліміздің әр өңірінен 150-ден астам спортшы қатысты. Байқоңыр велошабандоздар Көпкүндік жарыс жолының ұзындығы 80 шақырымды құрады. Жұлдызды қалашықтан бастау алған веложарыс космодром аумағына дейін ұласты. Жарысқа қатысушылар тіпті ұшыру алаңдарын тамашалады. ЕЛЕНА ВЛАДИМИРОВНА - ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ “Мен ең бірінші алғысымды осы жарысты ұйымдастырушыларға айтқым келеді. Бұл жарыс Байқоңыр жерінде алғаш рет өткзіліп тұр. Бұл өте жауапты іс. Жарыс өте жақсы өтті. Қауіпсіздік шаралары да өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бұл әсіресе велоспортта маңызды”. ҚАЙРАТ НҰРТАЙ - ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАЙҚОҢЫР КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ “бүкіл облыстан қатысушылар келіп, қала ішінде және ғарыш айлақтың осы зымырандар ұшып жатқан аймақтардан да жарысты ұйымдастыру мүмкіндігі болды. Қатысушылар осы Байқоңыр қаласындағы күндерін жақсы әсермен өткізді деп ойлаймын. Мына спортшыларға, төрешілерге алғыс білдіреміз”. Сонымен бес күндік жарыс қорытындысы бойынша жасөспірім ұлдар арасында бас жүлдені Солтүстік Қазақстаннан келген спортшы Мансұр Бейсенбай жеңіп алды. Қызылордалық спортшы екінші орынға табан тіресе, жарыстың қола жүлдесін жамбылдық спортшы иемденді. МАНСҰР БЕЙСЕНБАЙ - ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ “Ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Себебі барлық қауіпсіздік шаралары сақталған. Менің жасым 18-де. Велоспортпен айналысып жатқаныма 8 жыл болды. Жарыс оңай болмады әрине. Барлық қарсыластарымыз мықты болды”. ЕГІЗБАЙ ЕРДӘУЛЕТ - ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ “Осы жарысқа бұрыннан дайындалып келе жатыр едім. Қызылорда қаласында дайындалып бастадым. Осы жарыстың арқасында бізге Европаға отбор болды”. Ал қыздар арасында Жамбыл облысынан келген Ангелина Буренькова алтыннан алқа тақты. Алматылық Мария Елькина екінші орынға жайғасса, Жетісудан келген Гүлназ Құрменбетқызы қола жүлдені місе тұтты. Айта кету керек, жарыс жеңімпаздары Испанияда қыркүйекте өтетін турнирде бақ сынайтын болады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant