Suivant

Балалар арасында шахматтан ел кубогының ІІ кезеңі мәресіне жетті

22/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс орталығында балалар арасында шахматтан ел кубогының екінші кезеңі мәресіне жетті. Мемлекет және қоғам қайраткері Аралбай Махамбетов атындағы дәстүрлі турнир биыл он екінші мәрте жалауын желбіретті. Спорттық сайысқа еліміздің 15 облысынан 300-ге жуық өрен жиналып, бақ сынады. Сондай-ақ, биыл алғаш рет көршілес Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерінің де біршама жас жүйріктері қатарға қосылды. Жарысқа қатысушылар шахматтың классика, рапид, блиц түрлері бойынша шеберлік байқасты. Аптаға созылған ой бәйгесінде командалық есепте елордалық құрам 1-ші орынды иеленді. Ал, алматылық өрендер екінші орынды жеңіп алса, қызылордалық команда үшінші орынды місе тұтты. Ал, 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы жекелей жарыста Ақылжан Мейірханұлы үздік деп танылып, бірінші орынға ие болса, Ернұр Ержанұлы екінші орынды қанжығасына байлады. Алдағы уақытта сайыстың ауқымы кеңейіп, қатысушылар саны арта түпек, дейді ұйымдастырушылар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant