Hasta la próxima

Бастауыш партия ұйымдары төрағаларының І облыстық форумы

01/04/24
QYZYLORDA TV
En Asia

Облыс орталығында «Аманат» партиясының бастауыш ұйымдары төрағаларының бірінші облыстық форумы өтті. Іс-шарада Президент жүктеген міндеттер мен бастауыш ұйымдардың белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды. Жалпы аймақта 200-ден аса бастауыш партия ұйымы бар. Олар партияның қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Бастауыш ұйымдар партия бастамаларын халыққа жеткізіп, қоғамның әрбір мүшесіне бағытталған партиялық жобалардың іске асуына да үлес қосуда. Мәселен, екі айдың ішінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында мыңнан аса тұрғын қаржылық сауаттылығын арттырса, өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 3 млрд теңге көлемінде несие берілген. Бұдан бөлек жыл басынан бері бастауыш ұйымдар 12 рет қабылдау өткізіп, денсаулық, білім, тұрғын үй салалары бойынша сауалмен келген 21 азаматтың мәселесін оңтайлы шешілуіне ықпал еткен. Бұл игілікті істер бастауыш ұйымдарға топтасқан партия белсенділерімен әрі қарай да жалғасады. Партия ендігі кезекте әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ден қоймақ ГҮЛМИРА ПАРМЫШОВА – ӘЛЕУМЕТТІК ИННОВАТОРЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ «Қызылорда облысының Аманат партиясының мамандары осы әлеуметтік кәсіпкерлікте үлкен перспективалар көрді. Жарты жылғы жуық уақыт бойы жұмыстар жүргізілді. Себебі мынау бастауыш партия ұйымдарының тағы да бизнесті дамытуға, экономиканы жылжытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен ресурс, осындай үлкен машинаны қозғауға алғашқы болып республикада осындай бастаманы көтеріп отыр». НАУРЫЗБАЙ БАЙҚАДАМОВ – ОБЛЫСТЫҚ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Саяси партия дегеніміздің өзі – белгілі бір адамдардың сайлау арқылы билікке қол жеткізуі, ерікті түрде бірігуі дегенді білдіреді. Біздің жұмысымыздың, партиямыздың негізгі тірегі, негізгі фундаменті болып табылатын бастауыш партия, бастауыш ұйымдарының жетекшілері. Сіздің арттарыңызда қаншама адам бар, қаншама халық сіздерге сенім артып отыр. Яғни сіздер арқылы біздер жақсы жетістіктерге тиістіміз». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Mostrar más

 0 Comentarios sort   Ordenar por


Hasta la próxima