Бақытын өнерден тапқан

25/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазақстанның Мәдениет қайраткері, балетмейстер Роза Боранбаеваның өнер сахнасында жүргеніне тура 50 жыл. Осыған орай Жалағаш ауданында шығармашылық кеші ұйымдастырылып, мерейтой иесі жұртшылыққа керемет көңіл күй сыйлады. Роза Оспанқызы 1958 жылы Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылында дүниеге келген. Ол бала күнінен көпшіліктің алдында өнер көрсетуді армандапты. Соған талпынды. Осылайша бұрымдының биге деген ерекше махаббаты кәсіби өнердің биігіне көтерді. РОЗА БОРАНБАЕВА – ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ // Егер би өнері қайтып келіп, мен билейтін болсам, менің арманым жоқ деп ойлаймын. Мен бұл салада, бұл өнерді, биді мен бала кезден // өнерге бет бұрғанмын. Мен қай кезде болса да өнерді тастамаймын деп ойлаймын. 70 ардагерім бар мәдениет бөлімінде // әлі де болса ардагерлерімді концертке қосымын, дайындаймын. Көркем өнерпаздар байқауында гала концерт береміз. Әлі де болса мен өлең айтудан да, билеуден де шаршамаймын. Роза Боранбаева «Алтын-Арай» ән-би ансамбілімен түрлі гастрольдік сапарға шығып, талайды биімен тамсандырды. Ал, 2000 жылдан бастап ән-би ансамблінің балетмейстрі болып қызмет атқарды. Шәкірттері қаншама?! Шығармашылық кеште осынау өнер иесіне құрмет көрсетілді. ҒАНИ СҮЛЕЙМЕНОВ – АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ // Қиын кезде де Роза апай осы өнерді тастаған жоқ. Қай кезде де осы сахынаның төрінен көрінді. Қай кезде де еткен еңбек, маңдай тер бағаланады. Соның бір үлкен бір дәлелі бүгін деп есептеймін. Роза апай сіз қанша шәкірт тәрбиелеп жатырсыз, шәкірттеріңіз халықаралық, республикалық дәрежеде өнер көрсетіп жүр. Сіз бақытта анасыз, нағыз тәлімгерсіз! Иә, Роза Боранбаева талай таланттың томағасын сыпырды. Өзі де жастармен бірге жүрді. Қазір, зейнет жасына келсе де өнерден қол үзбей келеді. Қайта, өзін жан-жақты дамытып, түрлі қырларын байқап көруде. Оған шығармашылық кеште куә болдық. САҚЫПЖАН АЙМАХАНОВА – Р.БОРАНБАЕВАНЫҢ ҚҰРБЫСЫ // Шындығында да бақытын өнерден тапқан кісі. Нағыз өнердің жолына берілген кісі. Кезінде бірге жұмыс істедік. 72 мен 87 жылдары сондай өнерге берілген кісімен әріптес болғаныма, құрбы болғаныма мен қуаныштымын. АСЫЛТАС ҚАЙЫРДЕНОВА – Р.БОРАНБАЕВАНЫҢ ӘРІПТЕСІ //Зейнетке шықса да әлі де қатардан қалып жатқан жоқ. //шәкірттерін көріп жатырмыз Розаның. Сахнада мың бұралған тамаша шәкірттері бар екен. өзі тәрбиелеген шәкірттерінің өнерін көру өте бір ғанибет. Сондықтан Розаның беделі әлде де жоғары болып тұрғанына көзім жетті. Шығармашылық кештің соңында мерейтой иесі сөз алып, өнерін сыйлап келген көрермендерге алғаусыз алғысын айтып, аудан өнерпаздарымен бірге әннен шашу шашты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par