Suivant

Білікті ғалым Сыр өңірінде

16/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде болды. Қадірлі мейман оқу ордасының оқытушы құрамы және студенттермен жүздесіп, саладағы жаңашылдықтарды талқыға салды. Күнсұлу Дальтонқызы алдымен университеттің бірнеше оқу ғимаратында болып, зертхана жұмыстарымен танысты. Мұнан соң студенттер сарайына қойылған ғылыми жетістіктер көрмесін аралап, жас ғалымдардың дайындаған стартап жобаларына шолу жасады. Сирек кездесетін кітап қорымен де танысқан президент кеңесшісі оқу ошағының материалдық-техникалық базасын оң бағалады. Ал, университет оқытушыларымен жүздесу барысында ғылым саласын өрістету бағытында мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан кешенді жобаларға тоқталды. Айта кетейік, отандық QazVac вакцинасының авторы осыған дейін еліміздің Ұлттық ғылым академиясына жетекшілік етсе, биылдан бастап президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. КҮНСҰЛУ ЗАКАРИЯ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ // Шынын айтсам мен Алматы қаласында бірнеше ірі университеттерді көрдім. Өзім химик, биолог болғандықтан ең алдымен сол факультеттерге, кафедраларға баруға тырысамын. Ал, осы жердегі кафедралардың жабдықталуы ол жақтардан едәуір жоғары. Сондықтан да сіздерге алғысым өте үлкен.../ МАЙНҰР БӨРІБАЕВА – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ //Осы іс-сапар барысында қандай жабдықтармен ғалымдарымыз жұмыс істейді, одан кейін осы өңірге қажетті қандай зерттеу жұмыстары орындалып жатқанын таныстырып көрсеттік. Ғылыми әлеуетімізбен таныстырдық, одан соң ғалымдарымызбен кездесу болды. Кездесу барысында казВак вакцинасының қалай жасалғаны туралы қысқаша тарихын айтып, одан соң ғалымдардың ұсынысын тыңдады/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant