Up next

Бүгін - мәдениет және өнер қызметкерлері күні

22/05/24
QYZYLORDA TV

Бүгін – мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Осыған орай аймағымызда «Мәдениет – қоғам келбеті» тақырыбымен республикалық форум өтіп жатыр Айтулы шараға облысымыздан 200-ге жуық мәдениет және өнер саласының өкілі қатысып, театр, кино, кітапхана, музей, дәстүрлі өнердегі шешімін таппай жүрген мәселелерді талқылады. Сондай-ақ төл мерекеде шығармашылық серпін мен креативті бастамаларға жол ашу үшін шеберлік сағаттары өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған форум аясында халықаралық сипозиумға қатысушы суретшілердің көрмесі ұйымдастырылған. Сондай-ақ әдебиет және өнер өкілдеріне облыс әкімінің «Тұран» сыйлығы табысталып, Іс-шара «Сыр елі – өнер ордасы» атты гала концертпен қорытындыланады. МИРА ҚАЗБЕКОВА – ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырудың кейбір мәселелері тақырыбында біз осы мәдениет үйлері мен клубтарының жетекшілері, пікір алмасып, тәжірибе жүзінде де іс жүзінде де көрсететін болады. Егер осы формат мәдениет үйлері мен клуб жетекшілеріне нәтиже берген жағдайда дәстүрлі түрде өткізуді қолға аламыз. Сонымен бірге Әбілқан Қастеевтың 120 жылдығына орай қылқалам шеберлерінің симпозиуымын өткізуді жөн санадық. Қазір сипозиуымның жұмысы бүгін үшінші күнге жалғасуда. Белгілі нысандарда, киелі орындарда, қасиетті жерлерде суреттер өздерінің жұмыстарын жалғастыруда. ертең гала концертте қылқалам шеберлерінің өнерлерін қорытындылайтын боламыз». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Show more

 0 Comments sort   Sort By


Up next