Suivant

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ӨҢІРДЕГІ ҚАУІПТІ АУМАҚТАРҒА ТІКҰШАҚПЕН БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ

06/04/24
Dans Asie / Kazakhstan

Су тасқыны жөніндегі штаб: Қанат Бозымбаев Атырау облысында ТЖ жою жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев қазір – Атырау облысында. Өңірдегі дайындық режимі – жоғары деңгейде, ТЖ жою жөніндегі облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Вице-премьер Ақтөбе облысымен шекара аумағын тікұшақпен айналып өтті. Жем өзеніндегі зақымдалған бөгеттің жағдайына баға берді. Кеше оның бұзылуы нәтижесінде Құлсары қаласының екінші және үшінші учаскелері, сондай-ақ «Жадырасын-2», «Болашақ», «Вахталық кент» шағын аудандары, «Қарағай» елді мекені су астында қалды. 6 сәуірдегі жағдай бойынша Атырау облысының үш ауданында күрделі су тасқыны жағдайы сақталуда, 2 елді мекенге көлікпен қатынау мүмкін емес. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant