Suivant

Волейболдан турнир

26/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қазақ әскерінің Таулы Қарабақ қақтығысынан шығарылғанына биыл 33 жыл. Осыған орай қаладағы нөмірі 136 мектеп-лицейде волейболдан турнир өтті. Таулы Қарабақ аймағындағы бітімгершілік операциясына Сыр өңірінен 200-ге жуық сарбаз аттанып, әскери борышын атқарған. Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығысқа қатысушылардың ерлігін ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған мектепаралық турнирге 10 команда қатысты. Жарыс қортындысы бойынша 136-шы мектеп-лицей командасы бірінші орынды иемденді. Ал №12 IT мектеп-лицей екінші орынды қанжығаласа, №6 орта мектеп үшінші орынға лайық деп танылды. АРМАН БИМАҒАНБЕТ - «ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОДАҒЫ» ҚБ ТӨРАҒА КЕҢЕСШІСІ «жалпы біздің негізгі мақсатымыз жастардың арасында отаншылдық, патриоттыққа жалпы алдағы уақытта Отанын қорғай алатын азаматтар тәрбиелеуге өз үлесімізді қоссақ деген. Алдағы уақытта әскери патритоттық жарыстар, спорт ойындары сонымен қатар кездесулер ұйымдастырамыз». БЕКАРЫС ҚАЛБЕК – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ «Номері 6-мектепте 10-сынып оқимын. Волейболға қатысып келе жатқаныма 3 жылдай уақыт болды. Осы жарысқа келіп жеңімпаз боламыз деген үміттеміз. Волейбол спортына Қызылорда қаласында көпетеген оқушылар қызығады. Көптеген жарыстар болады. Біз әр жарыстан өзімізге үлгі, тәжірибе алып жатырмыз». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant