次に

Дария деңгейі бақылауда

18/02/24
QYZYLORDA TV
アジア

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өңірге жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында «Қызылорда су торабында» болып, су тасқынының алдын алуға бағытталған шаралармен танысты. Дәл қазір дариядағы су деңгейі төмен. Былтыр осы кезеңде облыс аумағына 551 текше метр су түскен. Ал қазір секундына 180 текше метр су келуде. Қазіргі таңда қолда бар тіршілік нәрін тиімді пайдалану үшін «Қараөзек су қоймасын» салу жобасы пысықталуда. Бүгінде Сырдария мен Арал ауданы арасында толықтай мұз ұстасқан. Ақпан айының соңына таман Сырдарияда сең жүре бастайды деп болжануда. Мамандар сөзінше, әзірге су тасқынынан қауіп жоқ. Десе де, алда-жалда Сырдария сес көрсетсе, 364 арнайы техника және мыңнан аса адам күші бар 116 жауапты мекеме шұғыл шараларға әзір тұр. Сондай-ақ, 59 жинақтау, 69 қабылдау пункті дайындалған. Дария бойында күні-түні кезекшілітер ұйымдастырылған. Облыс әкімі бұл жұмыстардың барлығы демеушілер есебінен іске асқанын айтты. Жалпы, аймақта 29 қауіпті учаске белгіленген. Қорғаныс бөгеттерін нығайту үшін арнайы жоба әзірленген. Оған шамамен 4 млрд теңгеге жуық қаржы қажет. МАРАТ ҚҰРМАНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Жоба бойынша 4 ауданның үстінен қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру және оның кейбір жерлерін қайтадан салу жөніндегі жобалар қарастырылған. Жоба жүзеге асқан жағдайда 15 елді мекен мен 52 мыңнан аса тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етін болады Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

もっと見せる

 0 コメント sort   並び替え


次に