تا بعدی

ДАРИЯ ДЕҢГЕЙІ БАҚЫЛАУДА

30/01/24
QYZYLORDA TV
که در آسیا

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария өзеніндегі су деңгейін тікұшақтан бақылады. Еске салсақ, облыс аумағында 29 ықтимал су басу аумағы анықталған. Бұл аумақтарға 364 арнайы техника және 116 жауапты мекеме бекітілген. Және «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен жасалған келісім-шартқа сәйкес 1 тікұшақ дайын. Ал мұз жаруға және қап алуға облыс бюджетінен 14,8 млн. теңге бөлінді. Аймақ басшысы өзендегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, дайындық жұмыстарын әлі де пысықтауда тапсырды. Мамандардың айтуынша, қазір Шиелі ауданы, Қарғалы елді мекенінен 7 шақырым төмен "Таштоп" учаскесіне дейінгі Сырдария өзенінің иіндерінде мұз ұстасып тұр. "Төменарық" су бекетінде күр жүруде. Су тасқынына қарсы пайдаланылатын материалдық-техникалық қорда 117 тоннадай жанар-жағармай және 139 902 дана қап сақтаулы. Сондай-ақ, 17 мыңнан астам бау қамыс, алты мыңға жуық пашын және 2 381 дана қарабура мен қажетті материалдар қоры жасақталған. Қажет болған жағдайда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін 59 жинақтау және 69 қабылдау эвакуациялық пункті дайын. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

بیشتر نشان بده، اطلاعات بیشتر

 0 نظرات sort   مرتب سازی بر اساس


تا بعدی