Suivant

Жас медиаторлар арасында интеллектуалды сайыс өтті

24/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Достық үйінде мектептегі медиацияны дамыту мақсатында оқушылар арасында «Жас бітімгер - 2024» интеллектуалды сайысы өтті. Жарысқа «Бітім» медиация орталығы ұйытқы болды. Білім бәйгесіне қала және аудан мектептерінен 16 оқушы қатысты. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты мектеп оқушылары арасындағы буллинг пен әлімжеттіктің алдын алып, құқықбұзушылық оқиғаларын болғызбау. 5 кезеңнен тұрған сайыста қатысушылар ең алдымен логикалық сұрақтарға жауап беріп, одан соң медиацияға байланысты бір-бір шумақ өлең шығарды. Ал соңғы кезеңде алдын ала берілген тақырыптар бойынша бейнеролик әзірледі. ЖАННА МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ - «БІТІМ» МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Байқау 2022 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Биыл екінші рет өткізілуде. Байқауға қатысушылар бүкіл облыс аумағынан қатысамын деген ниет білдірушілер қатысып отыр. Мектептердегі медиацияға келетін болсақ, біздің қала бойынша барлық мектептерде медиация кабинеттері ашылған. Сол бойынша психолог мамандар оқытылды. Тұрақты түрде кездесулер болып тұрады. Былтырғы жылдан бастап аудандарды да аралап медиация кабинетін ашып бастадық. Былтыр 40 кабинет ашылса аудан бойынша, биыл 50 кабинет жоспарда тұр». БАҚЫТЖАН БЕРЕКЕТ - ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ «Жалағаш ауданының қатысушысымын. Осындай жарыстардың көп болғанын қалаймын. Медиация саласының осы мектеп жасынан бастап дамығаны дұрыс. Біздің мектебізде ай сайын, апта сайын өздерінің жоспарларына сәйкес шаралар өткізіліп тұрады». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant