Suivant

ЖАҢА ЖҮЙЕ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

23/05/24
Dans Asie / Kazakhstan

Өңірде 4-17 жас аралығындағы балаларға арналған шығармашылық және спорттық мемлекеттік тапсырыстар Damubala.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Енді ақпараттық жүйеге FaceID, яғни бет-әлпетті тану функциясы енгізілмек. FaceID жобасы цифрландыру және архивтер, дене шынықтыру, спорт және туризм, мәдениет және тілдерді дамыту басқармаларымен бірге іске асырылуда. Басқарма басшысы Алмас Көпжановтың сөзінше, жаңа жүйеде әр баланың үйірмеге жеткендігін, уақыты мен геолокациясымен қауіпсіздігі бойынша ақпараттар алуға болады. Сонымен қатар, үйірмелерге қатысушылар бойынша актуальды санды ала отырып, мемлекеттік бюджеттің игерілуінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Еске салайық, damubala.kz платформасы ArtSport орнына жан басына қаржыландыру бағдарламасы үшін іске қосылған болатын. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant