Sljedeći

ЖАҢАҚОРҒАННАН КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

05/04/24
QYZYLORDA TV
U Azija

Су тасқынынан зардап шеккендерге Жаңақорған жұрты да бір кісідей жұмылып, көмек жіберді. «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының бастамасымен 20 тоннаға жуық қажетті заттар жиналып, Ақтөбеге жөнелтілді. Волонтерлер бастамашы болған сауапты іске кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері, тұрғындар да атсалысқан. Әр азамат өзінің шама-шарқынша қолдан келген көмегін көрсетіп, қаржы аударған. Жиналған заттай көмектер арнайы пунктке әкелініп, көліктерге тиелді. Мәселен аудан орталығында көпшілік жиі шоғырланатын орындар мен базар маңында төрт жүк көлігі қойылған. Ал көпшіліктен жиналған қаржыға құрылыс материалдары мен дәрі-дәрмектер алынған. 20 тоннаға жуық затты тиеген жүк көліктері Ақтөбе облысына жол тартты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Prikaži više

 0 Komentari sort   Poredaj po


Sljedeći