Suivant

Жеңіс саябағы қоқыстан тазартылды

26/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан» републикалық экологиялық акциясы аясында «Жеңіс» саябағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, маңы абаттандырылды. Экоакция аясында саябақтың аумағына 100-ден астам тал шыбықтары егіліп, айналасы қоқыстан тазартылды. Бұл жұмыстарға аудан ардагерлері, белсенді жастар және мәдениет саласының қызметкерлері атсалысты. ӘЙГЕРІМ ЕШБАЕВА – АУДАНДЫҚ ЖЫРАУЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ // Әрбір азамат, туған елдің, жердің көркеюіне, гүлденуіне және сол өлкенің таза болуына атсалысу, еңбек қылу біздің және болашақ ұрпақтың борышы деп білемін Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant