Suivant

ЖЫЛЫОЙДА ҮШ МЫҢҒА ЖУЫҚ ҮЙ ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕН

27/04/24
Dans Asie / Kazakhstan

Жылыойда үш мыңға жуық үй тасқыннан зардап шеккен. Қазіргі уақытта Қоғамдық штаб жанынан жұмыс істеп жатқан азаматтар тасқыннан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек үлестіру, несие төлемі уақытын кейінге шегеру, суға кеткен үйлерге бағалау жұмыстарын жүргізу, мемлекет тарапынан берілетін материалдық көмекке құжаттар жинақтау бойынша кеңес беруде. Айта кетейік, 2920 үй және 19 көп пәтерлі тұрғын үй, яғни 820 пәтер суға кеткен. Ал тасқыннан зардап шеккен 3591 тұрғын 100 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек алды.

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant