Suivant

Командалық айтыс: Сыр өңірі келесі кезеңге жолдама алды

12/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде алғаш рет республикалық командалық айтыстың тұсауы кесілді. Барлық аймақтан 20 команда бақ сынайтын өнер жәрмеңкесі бес жанрдың басын біріктірген. Сайыста айтыскерлерден бөлек, жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер мен күйшілер бәсекеге түседі. Сыр өңірінде бастау алған «Әділ сөздің алдаспаны» атты айтыс Әйтеке бидің 380 жылдығына арналды. Аймақтардың мәдени байланысын нығайтуды мақсат еткен мега байқау 4 кезеңнен тұрады. Яғни бір жарым жылға созылатын жаңа жобада 20 команда өнер додасына түседі. Сыр өңірінде түндігі түрілген байқаудың алғашқы жұбы Қызылорда облысы мен Шымкент қаласының командалары. Алдымен қос өңірдің өкілдері байыпты бастамаға сәттілік тіледі. Алдымен қуанышты хабарды елге сүйіншілеген бала ақындарға бата берілді. Араға 35 жылдан астам уақыт салып қайта жаңғырған командалық айтыстың ерекшелігі - сүре айтыс, қайым айтыс, түре айтыс, қыз бен жігіт айтысы секілді айтыстың көне түрлерін жаңғырту. Сыр өңірінде өткен айтыстың тағы бір ерекшелігі – бекзат өнердің көшін өрге сүйреген, ақындардың рухани ұстазы Жүрсін Ерманның қазылар алқасына төрағалық етіп, елдің ортасынан табылуы. Сүре айтыста шымкенттік Біржан Байтуов пен қызылордалық Ержан Әміров сөз бәсекесіне түсті. Түре айтыста Әнәпия Нұрғали мен сырбойылық Бексұлтан Орынбасар, қыз бен жігіт айтысында Нұрлан Есенқұл мен Мөлдір Айтбай әдемі әзіл, қағытпа қалжыңдарымен көптің езуіне күлкі үйірді. Қайым айтыста қарсыласқа қиын ұйқас ұсынып, сөзден тосылмаған қос жүйрік елдің шынайы ықыласына бөленді. Дәстүрлі ән жанрында Ақмарал Ноғайбаева мен Тұрар Әлменов әуелете ән шырқаса, текті өнердің төресін танытқан термешілер Әділхан Қуаңбаев пен Ербол Қалмырзаев, жыршылар Бисенбек Төлеубай пен Абылай Бөріханов елдің есінде қалар есті сөздерді өсиет етті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant