Suivant

Кәсіби спорт жаңа деңгейге көтерілуі керек

14/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының алқа отырысы өтті. Басқосуда саланың жетістіктерімен қатар, шешімін табуы тиіс мәселелер, жол картасы пысықталды. Бұқаралық спортты дамыту бойынша аймақта біраз жұмыстар жасалып келеді. Ал, кәсіби спортты жаңа деңгейге шығару әркез маңызды міндет. Бүгінде аймақта 33 спорт мектебі бар. Спорттың 48 түрі бойынша 22266 спортшы тәрбиеленуде. Ұлттық құрама командасына 552 жерлесіміз енген. Е «Жекелеген спорт түрлеріне бөлінген қаражат көлемі көбейгенімен нәтиже ойдағыдай емес, жеңісті сәттеріміз, алған медаліміз көп деп мақтана алмаймыз», - деді спикер. Бұдан бөлек, бірнеше ауданда, атап айтқанда, Арал, Жалағаш, Шиелідегі стадиондардың жай-күйі өте нашар. Кейбірі тіпті апаттық жағдайда. «Сондықтан саладағы проблемаларды саралап, аз уақыт ішінде шешімін табатын әрекет алгоритмін жасақтаған тиімді», - деді өз кезегінде облыс әкімінің аппарат басшысы Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant