Suivant

Көгалдандыру акциясы өтті

02/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру» акциясы аясында Қызылордада жаппай сенбілік өтті. Сол жағалауда жаңадан бой көтерген автовокзал маңындағы жұмыстарға аймақ басшысы да атсалысты. Нұрлыбек Нәлібаев еңбек ардагерлерімен бірге тал шыбықтарын отырғызды. Іс-шараға белсенді жастар да үлес қосты. Сондай-ақ, бұл күні облыс әкімдігіне қарасты барлық басқарма басшылары мен облыстық мәслихат депутаттары қолға күрек алып, сенбілікке шықты. СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ Биыл біз «Жасыл Қызылорда» деген мекеме құрып, сол мекеме арқылы талдарды егу, талдарды күтіп баптау, суару мәселелерін қадағалап жатырмыз. Осы акция аясында қаланың барлық жерлерінде сенбілік өтуде. Бұл күні кәсіпкерлер мен тұрғындарда келіп, өз үлестерін қосуда. Сәуір айында біз қалаға су береміз. Сол арқылы коммуналдық мекеме арықтардың көзін ашып, қоқыстарды тазартамыз. Талдарға су беруге дайындап жатырмыз.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant