Tiếp theo

Көгалдандыру жұмыстары жалғасады

30/04/24
QYZYLORDA TV
Trong Châu Á

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығында Рәміздер алаңы көгалдандырылды. Бас шаһарды жасыл желекке айналдыруға бағытталған шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп бастаған бір топ Сенат депутаттары қолға күрек алып, ағаш екті. Мұнан бөлек, облыс әкімдігіне қарасты барлық басқарма басшылары мен ардагерлер де акцияға өз үлесін қосты.Осы орайда аймақ басшысы қаланың көгалдандыру жұмыстары әлі де жалғасатынын айтты. Ал, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптық атауларымен жалғасын таппақ. РУСЛАН РҮСТЕМОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ //«Жасыл аймақ» экологиялық акциясы аясында Рәміздер алаңында егілген тал көшеттерінің көркейіп, көгеруі маңызды. Бізде өз үлесімізді қосып жатырмыз. Қуаныштымыз.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Cho xem nhiều hơn

 0 Bình luận sort   Sắp xếp theo


Tiếp theo