Suivant

КӨПІРДЕН КЕДЕРГІСІЗ ӨТУГЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ

31/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Арбаға таңылған азаматтар жаңадан салынған көпірлердің игілігін көре алмай келе жатыр. Өйткені, ондағы жеделсатылар жұмыс істемейді. Енді жауаптылар бұл мәселені жуық арада шешеміз деп отыр. Қала әкімдігі істен шыққан жеделсатыларды жөндеуден өткізген. Бірақ, сол маңайдағы тұрғындар бірнеше рет бұзып кеткен көрінеді. Сондықтан көпір маңына бейнебақылау камералары орнатылмақ. Жалпы, аймақта кедергісіз орта қалыптастыру үшін әлеуметтік басқарма арқылы 365 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізілген. Бұл мақсатқа 45 млн теңге қаржы бағытталған. Ал мүгедектігі бар адамдар көпірдегі жеделсатымен мініп-түсуі үшін арнайы карта әзірленіп жатыр. ҒАБИТ ЖАҢАБАЕВ– ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Тек мүгедектігі бар азаматтар кіре алатындай қылып карта жасап, сондай жұмыстарды істеп жатырмыз. Қазір қала әкімдігі тарапынан шұғыл жұмыстарға кірісті қаңтардың аяғында, ақпанның басында міндетті түрде карта таратылып, мұқтаж азаматтар ғана кіріп-шыға алатын болды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant