Suivant

Мерекелік іс-шаралар және білім саласының мәселесі

19/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Алдағы мамыр айында мереке күндері баршылық. Одан бөлек, мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау салтанаты бар. Барлығы да маңызға ие. Ол күндер қалай аталып өтпек? Жыл басында білім саласына сілкініс керегі айтылды, сол бағытта нендей өзгеріс бар? Аталған мәселелер облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте қаралды. Мамырдың 1,7,9,25,31 әр отбасы үшін ерекше күн. Жиында облыс әкімі аппаратының басшысы мерекелер мен атаулы күндердің негізгі идеологиялық бағыттары бойынша баяндама жасады. Мәселен, 1 мамыр – ел халқының бірлігі күні 1 апталық іс-шарамен сабақталмақ. Жеңіс күнінде облыстағы 4 майдангерге лайықты дәрежеде құрмет көрсетілетін болады. Мектеп бітірушілердің соңғы қоңырау салтанаты, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – бәрі-бәрі сапалы әрі мәнді етіп ұйымдастыруы тиіс,– деді Нұрлыбек Машбекұлы. Білім демекші, облыс мектептерінде 23621 мұғалім бар екен, саралай келгенде, олардың 5 мыңы артық кадр болып отырғаны анықталды. Бір кездері пысықай басшылар техникалық қызметкер, лаборант ретінде жұмысқа тартып, уақыт оза мұғалім ретінде штатқа кіргізген. Содан келіп, енді сағатқа тартыс басталды. Өткенде антикор білім саласындағы біраз бұзушылықты жариялаған-ды. Ол ол ма, мектептердегі жалақы қорында да айтарлықтай айырмашылық бар, ана цифрлар шотқа түскенде шошисың. Не десек те, білім басқармасының атқарар шаруасы шашетектен болып тұр. Сондай-ақ, басқарма оқу жылының аяқталуына орай өткізілетін іс-шаралар барысында және жазғы демалыс кезінде қоғамдық тәртіпті, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ықтимал жазатайым оқиғалар мен топтық төбелестің алдын-алу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлесіп, күшейтілген режимде рейд жүргізуі керек. Жиын туралы толығырақ апталық шолу «Үштаған» АСБ көре аласыздар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant