Suivant

Мыңжылқы миға ота жасады

11/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Көпсалалы облыстық ауруханада бас миының әртүрлі патологиялары бар 8 науқасқа ота жасалды. Күрделі операцияларды белгілі нейрохурург, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының орынбасары, жерлесіміз Мыңжылқы Бердіқожаев жасап, жергілікті дәрігерлерге шеберлік сабағын өткізді. Соңғы кездері «Науқастың миына қан құйылып, қайтыс болды» дегенді жиі еститін болдық. «Мұның бәрі уақытылы емдік шаралардың қолданылмауынан»,- дейді дәрігерлер. Білікті нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев жылына жүздеген адамға екінші өмір сыйлап жүрген алтын қолды дәрігер. Бір ай бұрын инсульт алған науқас операция үстеліне қайта келді. 54 жастағы тұрғынның ми тамырларының аневризмасы бар. Миға қан төгілу қаупі жоғары науқасқа шұғыл ота жасалып, тамырдың қуысына микроспираль орнатылды. Жалпы мұндай операциялардың құны шетелдерде 15 мың долларға дейін барады екен. Ал елімізде бұл медициналық қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қолжетімді. МЫҢЖЫЛҚЫ БЕРДІҚОЖАЕВ – ҚР ПІБ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Мұндай оталарды шұғыл жағдайларда да, жоспарлы түрде де тегін жүргіземіз. Ми тамырларына оталардың құны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатынан шамамен 6 млн. теңгені құрайды.Бұған стенттердің құны, хирургтардың, жабдықтардың жұмысы кіреді. Мысалы, көрші елдерде мұндай ота 15 мың доллар тұрады»// ҚАНАТ НӘБДИНОВ - НЕЙРОХИРУРГ //«Алтын сағат» ережесі бар. 8-10 сағат ішінде науқастың өмірін сақтап қалуға, ми бөліктерінің қайтымсыз зақымдануын болдырмауға болады. Бірақ, өкінішке орай, пациенттер көп жағдайда бір күннен кейін келеді. Ал алғашқы белгілер кезінде КТ, МРТ, ангиографияға тексеруден өту керек. Олар МӘМС аясында сақтандырылған пациенттерге тегін»// Өткен жылы аймақта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 628,5 млн теңге бөлініп, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету бойынша 97 ота жасалған. Биыл бұл мақсатқа 668 млн теңге қаралып отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant