Мүмкіндіктер алаңы

27/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Байқоңырда «Мүмкіндіктер алаңы» іс-шарасы өтті. Онда бос жұмыс орындары ұсынылып, жастарға арналған жобалар бойынша сала мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Байқоңыр қаласында 18 бен 29 жас аралығында 10 мыңға жуық жас бар. Оқушы, студент, жұмыссыз – әртүрлі санаттағы жастар үшін арнайы мамандар кәсіби бағыт-бағдар берді. 100-ден аса бос жұмыс орны ұсынылды. ШЫҢҒЫС НҰРЕКЕШ - ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ «Бос жұмыс орындарын жастарға түсіндіріп өту және болашақта проф.ориентация дейміз ғой, өзінің мамандық таңдауына көмек көрсету деген сынды. Осы игі шара аясында жалпы 5 жылдың көлемінде 97-мыңнан астам жас қамтылды. Және тұрақты түрде өзіміздің өңірімізге қоныс аударғысы келіп жатқан жас отбасылармен сұхбат жүргізіліп келеді». БАҚНҰР РАЙЫМБЕКҚЫЗЫ - ОҚУШЫ «Бұл жерден өзімізге керек ақпараттарды алдық. Неше түрлі маман иесімен танысып, өзімізге керек мәліметтерді жинадық. Сондай-ақ іс шарада өңірдегі жоғары оқу орындары таныстырылды. Олардың арасында Байқоңырдағы ресейлік оқу орны да бар. НАДЕЖДА ШВЕД - ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ «Біздің филлиалымызда қандай мамандықтар бар екенін айтып, бағыт-бағдар бердік. Оқуышылардың қызығушылығы жоғары. Осы тұста айтқым келетіні біздің институтымызға ресейлік мектептерден де, қазақстандық мектептерден де ҰБТ нәтижесі арқылы оқуға түсуге болады. Немесе институттың ішкі емтиханын тапсырады. АЙАСЫЛ ЖҰБАНАЗАРОВА - ОҚУШЫ «Мен информатика математика пәнін таңдап отырмын. Болашақта IT маманы болғым келеді. Мұнда сол мақсатта белгілі бір оқу орнын ғана емес, өзіме керекті ақпараттарды да ала алдым». Іс-шара аясында қала жастары мерекелік концерт қойып, ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par