Suivant

Мәдениет майталмандары тазалыққа үндеді

16/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Науқан бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Сәйкесінше, екінші апта «Киелі мекен» атауымен жалғасып, аймақтағы тарихи-мәдени нысандардың аумағына тазарту жұмыстары жүргізіледі. Аталған акцияға мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, сала ардагерлері ерекше қолдау білдіріп, тазалық жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Мәселен, эко акцияның «Киелі мекен» апталығы аясында сала мамандары Салихитдин Айтбаев атындағы көркемсурет галереясы ғимаратының ауласын тазалап, көгалдандыру ісіне білек сыбана кірісті. Сенбілік барысында ғимарат ауласына 200-ге жуық ағаш көшеттері отырғызылып, айналаның ажары кіріп қалды. Айта кетерлігі бұл бастама өңірдегі өзге де жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер аумағында жалғасын табады. АМАНКЕЛДІ КЕНЕНБАЕВ – ҚР МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, СУРЕТШІ //Мына жастардың бәрі жұмыла жұмыс жасап жатыр. Біз де соларға өзіміздің өнегемізді көрсетейік деп келдік. Бұл өзі ата-бабамыздан бері қарай келе жатқан дүние. Үлкен аталарымыз кезінде көптеген ағаштар егіп, соның саясында біз өскенбіз. Сондықтан бұл тамаша акция деп ойлаймын.../ ХҰСЕЙІН ӘМІР-ТЕМІР – ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ /Өзі мәдениет пен өнердің кісілері тазалыққа, жақсы ниетке жақын болады ғой. «Киелі мекен» деген акцияға орай бәріміз осы отанымызды, қаламызды, елімізді жаңартып, бір тал ексек те ертең ол өссе, соның көлеңкесінде балалар жүгіріп жүрсе, міне осының өзі біздің ортамызды жақсылыққа жетелейді деп ойлаймын/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant