Suivant

Мәдениет пен өнер өкілдеріне құрмет

23/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесіне орай Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде "Мәдениет - мәңгілік мәнері" атты мерекелік шара өтті. Өнер – ұлттың жаны. Өркениетті ұлт ең алдымен, тарихымен, өнерімен және мәдениетімен бағаланады. Осы орайда Сыр өңірі еліміздің руханият саласына елеулі үлес қосып келеді. Мерейлі күні мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетілді. Қалалық жастар театрының әртістері сахналаған театрландырылған қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Мұнан соң бірқатар сала қызметкерлеріне облыс әкімінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының, қала әкімінің, салалық кәсіподақ ұйымының арнайы алғыс хаты табысталды. Бұл қатарда музей қызметкерлері, кітапханашылар, театр мен мəдениет ошағында қызмет етіп жүрген мамандар бар. Салтанатты шара әрі қарай қала өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant