Suivant

Мәдениет қызметкерлері марапатталды

23/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Жалағаш ауданында салтанатты шара өтті. Кәсіби мерекеде рухани байлығымызды арттыруға, мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуына зор үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегі еленіп, құрмет көрсетілді. Ұлтты ұлтқа, мемлекетті мемлекетке таныстыратын, ол – мәдениет. Тәуелсіздігіміздің ең негізгі тірегінің бірі ұлттық құндылықтарымыз болса, енді бірі осы мәдениеті, әдебиеті, өнері. Ұлтымыздың өнер көшін төрге оздырған мәдениет майталмандары Жалағаш ауданында аз емес. Кәсіби мерекеде аудан әкімі Ардақ Ибраимов сала қызметкерлерін төл мерекемен құттықтап, еңбегімен дараланған бірқатарын марапаттады. Мәдениет пен өнерді ұштастырған ауданда былтырдан бері бірқатар ауқымды шаралар атқарылды. Айталық, қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. Сондай-ақ, Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет үйі мен Руханият орталығына және аудандық кітапхана мен музей ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл өз кезегінде халықтың мәдениетін дамытуға септігін тигізіп келеді. Салтанантты іс-шара өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Осылайша, күмбір күй мен әуезді ән әуелеген кештен мәдениет қызметкерлері тың серпінмен тарқасты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant