Suivant

Н.НӘЛІБАЕВ: БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ЕҢ ӨЗЕКТІ САЛАЛАРҒА БАҒЫТТАУ ҚАЖЕТ

01/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде Арал қаласында екі мектеп ірге көтерсе, жыл ішінде Тоқабай ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Сексеуіл кентін газға қосу жоспарланса, шижағалық тұрғындар да көгілдір отынның рақатын көретін күн алыс емес. Бүгінде бұл жобаны бастауға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, Арал ауданында газдандыру көрсеткіші 53 пайызды құрайды. 2015 жылы Арал қаласы, 2020 жылы Жақсықылыш кенті газға қосылды. Енді елді мекендерге екпін беріліп жатыр. Қазір Жол картасы әзірленіп, бірінші кезекте халық саны мен автоматтандырылған газ тарату станциясынан қашықтығы ескеріліп, 14 елді мекенді газға қосу ұсынылып отыр. Кеңесте аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев абаттандыру бағытында атқарылатын жобаларға тоқталды. Айтуынша, «Жаңауыл», «Шанхай» шағын аудандарында мәдени-демалыс орындары жетіспейді. АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ – АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ //Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, «Жаңауылдағы» Абай көшесінің бойынан және «Шанхайға» демалыс аллеясын салудың жоба-сметалық құжаттамаларын әзірленуде. Мұнан бөлек,өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес, теміржол вокзалын қайта жаңғырту және абаттандыруға жоба-сметалық құжаттары дайындалуда. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Биыл біз аудандарға әсіресе Арал мен Қазалыға 1 млрд 700 ден Руханият орталықтарын салуға ақша бердік. Басқа да Жайлы мектеп, амбулятрияны қоспағанда. Сондықтан абаттандыруға өздерің бюджеттен қарау қажет. Сондай-ақ, ауданда мәдениет және спорт саласын дамытуға байланысты бірнеше жоба әзірленген. Аймақ басшының тапсырмасына сәйкес, бюжет қаржысын үнемдеу мақсатында денешынықтыру және мәдениет үйлері бір ғимаратта орналасатын болады. Облыс әкімі жаңа бой көтерген кез келген нысанның сәулеті мен сапасына ерекше мән беруді тапсырды. Аймақ басшысы ескерткен мәселенің тағы бірі: НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ //Мәдениет үйін 600 млн-ға салып қойып, ішінде бір шара да өтпейді,Жылына бір шара өтті. Болмаса ол да жоқ. Одан да сұрап жатқан көгілдір отынын апарып берейік та. Жолын апарып берейік та жол жоқ деп жатыр. Ең керегі сол ғой халыққа. Арал өңірінің экологиялық мәселесі қашанда күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде Президент тапсырмасымен 2021-2025 жылдары құрғаған теңіз ұлтанына 1,1 млн гектар сексеуіл екпелерін егуді жұмыстары жүргізілуде. Биыл Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуде. Аймақ басшысы бұл экологияны сауықтыратын қосымша шараларды атқаруға және бастамашылық жасауға мүмкіндік беретінін ескертті. «Осы орайда, қордың атқарушы комитетінің отырысын біздің өңірде өткізудің мүмкіндігін қарастыру қажет» деді. Ал аудан әкімі Арал қаласында жалпы көлемі 76,5 гектарды құрайтын 5 ірі тұзды сор көлдері барын айтты. Оларды көму мәселесі біраздан бері шешімін таппай келеді. Аудан басшысы осы мақсатта көмек көрсетуді сұрады. Нұрлыбек Нәлібаев кеңесте ұсынылған жобаларды жан-жақты қарап, бюджет қаржысын ең өзекті мәселелерге бағыттауды жүктеді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant