次に

НАҒЫЗ ҚАЗАҚ АНГЕЛИНА

03/05/24
QYZYLORDA TV
アジア

Домбыраның құлағында ойнайтын 10-шы сынып оқушысы Ангелина Белоусова қызылордалықтарды өнерімен тәнті етіп жүр. Қара домбыраның арқасында танылған күйші қыз туралы келесі сюжетімізде. Ангелина Белоусова өнер мектебінің домбыра сыныбын бітірген. Ұлттық аспап менің көңіл-күйімді дөп басады дейді ол. АНГЕЛИНА БЕЛОУСОВА – №5 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Алғашында маған аспаптың үні ұнады. Яғни домбыра тартып жатқан оқушыларға қарап, менің де осы музыкалық аспапты үйренгім келді. АЛТЫНАЙ ӘБУБӘКІРОВА – ҰСТАЗЫ Мен қатты таңқалдым. Өйткені менің тәжірибемде мұндай жағдай алғаш рет болды. Алғашқы жылы ол Өнер мектебіне түсе алмады. Бірақ мен оны дайындадым. Бір жыл жеке мектепте дәріс алды. Келесі жылы емтиханды тапсырып, бізге оқуға түсті. Ангелинаның ата-анасы арнайы тапсырыспен домбыра жасатқан. Ол осы аспаппен республикалық, халықаралық байқауларда талай үздіктер қатарынан көрініп, былтыр өнер мектебін үздік тәмамдады. Бірақ осында жиі келіп тұрады. Оқуды озат Ангелина болашақта филолог болуды мақсат етіп отыр. Домбырасын да қолынан тастамайды. Жаңа күйлерді үйреніп, түрлі мерекелік шараларда өнер көрсетіп жүр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

もっと見せる

 0 コメント sort   並び替え


次に