Suivant

Облыс әкімі тұрғындарды қабылдады

22/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Amanat» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады. Облыс әкімі жауапты басшыларға І топ мүгедектігі бар азаматты тұрақты жұмысқа орналастыру жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен бірге ІІ топ мүгедектігі бар, асыраушысы жоқ қала тұрғыны баласын облыс әкімінің грантымен оқыту жайын көтерді. Аймақ басшысы талаптарға толықтай сәйкес келетін түлекті медицина академиясына түсіру үшін қажетті шаралар қабылдауды жүктеді. Кездесуде көпбалалы ана мұғалім болып жұмысқа орналастыруды сұрады. Бұл сұрақ заң аясында, конкурс арқылы шешілетіні түсіндірілді. «Қабылдау барысында айтылған сауалдар толық зерттеліп, заң аясында шешу жолдары қарастырылады», - деді облыс әкімі. Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant