הבא

Облыс әкімінің үндеуі

09/04/24
QYZYLORDA TV

«Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, тату тірлік пен береке-бірліктің бесігі – Сыр өңірінде бүгін «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды». Осылай деген облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Үндеу жариялап, Сыр жұртшылығын республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы іс-шараға атсалысуға шақырды. Қадірлі жерлестер! Ардақты ағайын! Тазалық пен тәртіп – кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі. Біздің айналамыздағы игіліктер адамдар үшін жасалған. Тазалық – біз үшін басты құндылық. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты. Себебі әр көшенің, әр үйдің, әр ауланың тазалығы – тұтас қала мен ауылдың айнасы. Ұлы жол – алғашқы қадамнан басталады. Осы ретте, тазалық айлығы аясында облыс халқы туған жерді түлетуге атсалысады деп сенемін. Сыр – Алаштың анасы! Барша жерлестерімді, еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлерді игі бастаманы өз үйі, аулалар, көшелер мен мөлтекаудандарда жүзеге асыруға, қала мен ауылдарда тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырамын. Тазалық – біз бен Сізден басталады! Туған жерімізді бірге көркейтейік! Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

להראות יותר

 0 הערות sort   מיין לפי


הבא