Следующий

Оқушылар халықаралық чемпионаттан жеңіспен оралды

09/05/24
QYZYLORDA TV

Астана қаласында өткен «Robotek Grand Tournament 2024» халықаралық чемпионатынан қызылордалық оқушылар жеңіспен оралды. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болған Сыр өрендерін мектеп ұстаздары мен ата-аналар теміржол вокзалынан қошеметпен күтіп алды. «Астана дарыны» орталығы және «Robotek» робототехника мектебінің ұйымдастыруымен өткен білім бәйгесіне елімізден 127 команда және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан 18 үміткер қатысты. Екі күнге жоспарланған білім додасы 7 санат бойынша өтті. Қатысушылар жарыстың бірінші күнінде «Мерген», «Инверстік сызық бойымен жарыс», «Жеткізуші робот», «Сұрыптаушы робот» санаттары бойынша бақ сынаса, екінші күні «Роботек», «Туды жеткізу» сайысында қабілетті роботтарды құрастырды. Халықаралық чемпионаттың қорытындысы бойынша қызылордалық оқушылар «Роботек» сайысында үздік атанып, бірінші орынға ие болды. Ал, «Мерген» мен «Туды жеткізу» бөлімдерінде үшінші орынды қанжығаларына байлады. Сыр елінің абыройын асқақтатқан өрендердің бағындырар биігі әлі алда дейді, ұстаздар қауымы. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Показать больше

 0 Комментарии sort   Сортировать по


Следующий