Suivant

С.Қожаниязов: Базарлар барлық талапқа сай болуға тиіс

20/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қаладағы базарлар мен сауда үйлерінде санитарлық ахуал сын көтермейді. Одан қалды жол мен өрт қауіпсіздік талаптары ескерілмей отыр. Бұдан былай, ескертуді елемегендерге заң аясында шара көрілмек. Бүгінде базар маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған жол «жайма базарға» айналған. Бей-берекет қойылған тауарлар тұрғындардың емін-еркін жүруіне кедергісін келтіріп отыр. Ал базар ішінде санитарлық, өрт қауіпсіздік талаптары сақталмайды. Жергілікті әкімдік бұған дейін базар басшыларына, кәсіпкерлерге бірнеше рет ескерту жасаған. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Осындай кемшіліктерді қалыпқа келтіру үшін енді әкімдік жанынан арнайы топ жұмыс істейді. Олар сауда нысандарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қала әкімі апта көлемінде ескертуді елемеген, тиісті талаптарды орындамаған сауда иелеріне заң аясында әкімшілік шара көріліп, айыппұлдар салынатынын ескертті. СЕРІК ҚОЖАНИЯЗОВ – ҚАЛА ӘКІМІ //Түсінемін бір күндік жұмыс емес. Қазіргідей жағдайға әркім білгенін жасап отырған болмайды. Біз жаймендеп ретке келтіреміз. Бірінші кезекте базардың айналасын ретке келтірейік. Сосын жаймендеп ішіне кіреміз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant