Suivant

СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

18/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жиырма бесінші сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қызылорда облысынан шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді. Бүгінде облыстан тіркелген үш кандидат мәслихат депутаттарымен кездесті. Кандидаттар қатарында Наурызбай Байқадамов, Алмасбек Есмаханов және Абайбек Жүнісов бар. Кездесу барысында Парламент Сенатының депутаттығына үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Депутаттар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Сайлау заңнамасына сәйкес, Сенат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде сайланады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant