Strax

СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АXУАЛ ӘЛІ ДЕ КҮРДЕЛІ

06/04/24
I Asien

Аймақта ахуал әлі де күрделі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев айтты. Қазір жағдай әсіресе Құлсары қаласында қиын. Төтенше жағдай жарияланғалы 15 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланды. Азаматтардың негізгі легі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы, Теңіз кен орнындағы қалашығындағы жатақxаналарға орналастырылды. Ал тең жартысы туыстарын паналауда. Одан бөлек, Бүгін өңірде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен штаб отырысы өтті. Мамандардың берген ақпараты бойынша қазіргі таңда Құлсары қаласына тасыған Жем өзенінің бас жағында судың деңгейі төмендей бастады. Орташа болжаммен 3 күннен кейін Құлсары қаласындағы су өзінің арнасы бойынша төмен Каспийге қарай ағып кетеді деп болжануда»,-дейді,облыс әкімінң орынбасары. Қазірден бастап арнайы аудандық деңгейде комиссия құрылды. Шығындарды есептеу жұмыстары су кету уақытымен бірге басталатын болады. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Visa mer

 0 Kommentarer sort   Sortera efter


Strax