Следующий

Суретшілер симпозиумы басталды

20/05/24
QYZYLORDA TV

Бүгін Қызылордада суретшілер симпозиумы басталды. Екі жылда бір өтетін дәстүрлі шара биыл халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Енді қылқаламды жанына серік еткен өнер өкілдері бір апта бойы Сыр өңірінің жаңарған келбеті мен киелі орындарды шығармашылықтарына арқау етпек. Тақырыпты тілшіміз сабақтайды. Сыр өңірінде суретшілер симпозиумы осыдан 7 жыл бұрын бастау алды. Ол тұста отандық қылқалам шеберлері қарт Қаратау жоталарына сапар шегіп, таңбалы тастарды бейнелеген болатын. Биыл мәдени шараның ауқымы да, тақырып аясы да кеңейе түсті. Елімізбен қатар, Қырғызстан мен Өзбекстаннан бейнелеу өнерінің шеберлері шақыртылып отыр. Енді атағы алысқа жайылған 23 суретші бір апта бойы көзбен көріп, ойға түйгендерін қалам ұшында тербемек. Суретші қауым еркіндікті қалайды. Сондықтан симпозиумда қатып қалған қағида жоқ. Кім не көрді, не түйсінді - соны бәз қалпында бейнелемек. Ал, ұйымдастырушылар тарапынан қолайлы жағдай жасалған. Яғни, қатысушылар алдымен Қызылорда облысының тарихымен танысып, қаланың ескі һәм жаңа келбетін бағдарлауға мүмкіндік алып отыр. Бағамдасақ, сырлы симпозиумның сәні де, мәні де зор. Бейнелеу өнерінің шеберлері емін-еркін дидарласып, өзара тәжірибе алмасады. Бастысы олар салған туындылар көркемсурет галереясында сақталып, экспозициялық қорды толықтыра түспек. Шараның ашылу салтанатында көпшілік осыған дейін ұйымдастырылған симпозиумдарда үздік деп танылған туындыларды тамашалап, өнерді өрістету турасында пікір алмасты. Өнер ұрпақ сабақтастығымен өміршең. Сондықтан ауқымды шара аясында аға буын өкілдері жас суретшілердің талабын байқап, білгендерімен бөлісті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Показать больше

 0 Комментарии sort   Сортировать по


Следующий