Suivant

Тазалық айлығы қорытындыланды

15/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қорытындыланды. «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Тереңөзек тұрғындары сенбілікке шығып, су айдындарының маңын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Өзенмен аттас ауданда дарияның ескі арнасы көп. Бірақ басым бөлігінің суқұяр сағасы бітелген. Солардың бірі – Тереңөзек кенті маңындағы Қалғандария каналы. Экоакция барысында осы каналдың айналасы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды МАРАТ ОМАРОВ – ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ //Қалғандария өзеннің ескі арнасы. Қазір табиғи көл деп атап кеткенбіз. Көптеген жылдан бері Тереңөзек кенті халқының жазда демалатын орнына айналған. Жағажайға келіп суға түседі. Сондықтан бұл жердің таза тұруы маңызды. Осы экологиялық акцияның «Мөлдір бұлақ» апталығы дәл осыған сайма сай келген сыңайлы. Тазалық жұмыстарына атсалысқан барша тұрғындарға алғысымды білдіремін.// «Таза Қазақстан» іс-шарасы басталғалы әсіресе ерікті жастар қоршаған ортаны таза ұстауға жіті мән беріп, белсенділік танытып келеді. АСЫЛЖАН АБДУЛЛАЕВ – ЕРІКТІ //Табиғатты қорғау үшін әрбір адамда субьективті ой болмауы керек деп ойлаймын. Айналамызды таза ұстау әрбір азаматқа ортақ берілген міндет. Өзіміз ерікті жас ретінде апта сайын тазалық жұмыстарына қатысып келеміз. Осы арқылы табиғатты тазартуға өз үлесімізді қосамыз.// Сондай-ақ, әр сенбі сайын кент орталығындағы «МАЙ-20» каналы маңында тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Биыл бұл арнаның айналасы қоршалып, орындықтар мен түнгі жарық шамдар орнатылыпты. Мұнан бөлек, экоакцияның қорытынды апталығында тұрғындар көшелердегі аяқ су баратын арықтарды тазартып, ағаштардың қураған бұтақтарын кесіп шықты. Әлеуметтік нысандардың қоршаулары сырланып, жаңа егілген көшеттердің түптері әктелді. Осылайша санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізудің нәтижесінде – туған жердің шырайы кіріп, айнала біраз тазарып қалды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant