Suivant

Теңіз ұлтанына сексеуіл егу жұмысы қарқын алды

26/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл көшеттерін отырғызу жұмыстары қарқын алды. Бұл бастама мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып отыр. Табиғат жанашырлары көктемгі науқанда 65 мың гектар аумақты көгалдандыруды межелеуде. Әзірге 10 мың гектардан астам аумаққа сексеуіл көшеттері отырғызылды. Маңызды бастамаға 300-ге жуық маман жұмылдырылған. Жалпы кешенді жоспар аясында 2025 жылға дейін 1 миллион 100 мың гектар аумаққа мелиорациялық екпелер егу көзделіп отыр. Яғни, әр жыл сайын 250 мың гектар табиғи апат орнын көгалдандыру жоспары бекіді. Дегенмен мамандар межені асыра орындауды да қаперге алған. Ол үшін қажетті көшет қоры жеткілікті, техникаларымыз сақадай сай, дейді сала жетекшісі. ИСАТАЙ ӘБДІРАЗАҚОВ – ОБЛЫСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Қазіргі кезде Арал теңізінің құрғаған табанында 280 адам, 40 дана трактор оның ішінде 24 трактор егу агрегаттарымен жұмыс жасап жатыр. Және ол жұмыстарға 5 дана жүк көлігі жұмылдырылған көшет тасуға. Бүгінгі күні 10 мың гектар шамасында жұмыстар атқарылды// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant