Suivant

Тіл жанашырлары

26/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Тіл – мемлекеттің тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында Ұлттық статистика бюросының облыс бойынша департаментінде семинар өтті. Семинарға филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов, үш дүркін алтын домбыра иегері Мұхтар Ниязов және тіл жанашырлары қатысты. Онда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жайы кеңінен талқыланды. Бүгінде аймақтағы мейрамханалар мен дәмханалардың біразы ас мәзірін қазақ тілінде ұсынады. Сондай-ақ, Сыр өңірінде іс қағаздар түгелдей мемлекеттік тілде жүргізіледі. Статистика департаментінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру үшін түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Жиында осы бағытта жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы жоспар нақтыланды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant