Suivant

Электр энергетикасын дамыту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру

15/01/24
Aqtóbe tv
Dans Asie / Kazakhstan

Жыл өткен сайын облыс тұрғындарының сұранысы да артып келеді. 2028 жылға қарай электр энергиясын тұтыну мөлшері 1 270 МВт-ты құрауы мүмкін. Сондықтан дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін дамыту, инвесторлар тарту өзекті мәселе болып тұр. Облыс әкімдігінде өткен жиында бірнеше жел электр стансасын салу сұрағы қаралды. Бәрі де шетелдік инвесторлардың көмегімен іске аспақ. Өңір басшысы Асхат Шахаров электр энергетикасын дамытуды көздейтін жұмыс жоспары сапалы әрі уақытылы орындау керегін еске салды. Сонымен қоса, күнбе-күн орын алатын жағдайларға да баса мән беру қажеттігін айтты. Отырыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыруға қатысты да сұрақ қаралды. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, тұрақтандыру қорында 31 тонна қарақұмық жармасы, 300 тонна қант, 560 тонна бірінші сұрыпты ұн және 68 тонна күріш бар. Облыстың ірі нан зауыттарына 4600 тонна бірінші сұрыпты ұн бөлінді. Қазіргі уақытта 550 грамдық 1 бөлке нан 86 теңгеден сатылып жатыр. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant