下一个

Іргелі оқу ордасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үн қосты

09/04/24
QYZYLORDA TV
亚洲

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері мен оқытушылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үн қосты. Қатысушылар қаладағы ботаникалық баққа барып, көшет отырғызды. Университеттің 100-ден астам студенті мен аға буын оқытушылары алдымен ботаникалық бақты күл-қоқыстан тазартып, 500-ге жуық көшет отырғызды. Осылайша, олар қаланың жасыл желекке айналуына өз үлестерін қосты. Ботаникалық бақ бас шаһардағы демалыс орны ғана емес, мұнда студенттер тәжірибе жұмыстарын да жүргізеді. Айта кету керек, оқу ордасының белсенді жастары үнемі көктемгі көркейту-көгалдандыру шараларына тұрақты түрде қатысып келеді. БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА - ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ – РЕКТОР // Осы жерді тек университет студенттеріне ғана емес, қала жұртшылығына арналған демалыс орнына айналдыруға бар күш салып жатырмыз. Осы бір айдың көлемінде қала тұрғындарына пайдалануға береміз деген ойдамыз. Экологиялық акция аясында оқытушылар құрамы студенттермен бірге қаланы таза ұстауға табиғатты қорғауға, өлкемізді өркендетуге үлкен акция деп қабылдаймыз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

显示更多

 0 注释 sort   排序方式


下一个